Тараз.77NEWS — Жамбыл облысында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті,-деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Оқу-жаттығу жұмыстары аясында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Алматы-Ташкент-Термез» автожолындағы «Күйік» асуында арнайы құрылымдардың  қысқы мезгілінде орын алған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылын пысықталды.

Атап айтқанда:

-құлақтандыру және байланыс, шұғыл кезекшіліктің ұйымдастырылуы, диспетчерлік  және болжамдау қызметтерінің  жұмысы, құрылған материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қордың  дайындығы;

— автожолдың қауіпті учаскесінің қозғаласын уақтылы жабу, зардап шеккендерді құтқару, оларға психологиялық және медициналық көмек көрсету, жылыту пунктеріне орналастыру, көлік құралдарын қауіпсіз орындарға көшіру мәселелері жан-жақты тексерілді.

фото: Елнұр Мұхтаров

Департаменттің хабарлауынша, арнайы шараға жергілікті атқарушы органдардың, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі», «Жедел құтқару жасағы», «Апаттар медицинасы орталығының» Жамбыл облысы бойынша филиалы, Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі, «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы және Ұлттық Ұланы №5513 әскери бөлімінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығуға жалпы саны 380 адам және 122 техника жұмылдырды.