Тараз.77NEWS-Құран жаттау,оқу қасиетті амал. Асыл кітапты оқып,жаттаудан жарыс қазір де жиілеп барады бізде. Әдетте сайыс ұлдар арасында болушы еді. Бұл жолы  бұрымдылар құран жаттап жарысты. Тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыс 2 күнге созылмақ,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Тұңғыш өткізіліп отырған жарысқа   6 мен 30 жас аралығындағы қыздар мен әйелдер және әжелерімізде қатысты. Олар киелі кітап сүрелерін жатқа,мазмұнын бұзбай айтып, құранның 30 парасы бойынша білімдерін сынайды. Құран — Алланың сөзі. Ал, оны жаттап өскен жастың жаман әдеттен аулақ болатыны анық. Бүгінгідей сайыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырады. Сондықтан, бұл дәстүр алдағы уақытта өз жалғасын таппақ дейді жарысты ұйымдастырушылар.