Бүгін Таразда «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXIII есеп беру және сайлау конференциясы өтті. Оған 300-ге жуық делегат қатысты, тізімде  партия хатшысы Қаныбек Жұмашевта бар. Жиында «үздік бастауыш партия ұйымы» байқауынан топ жарғандар марапатталды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Облыстық байқаудың екінші кезеңінде 31 бастауыш партия ұйымы бақ сынасты. Бүгінде бастауыш ұйымдар қоғамдық тұрмыстың түзеуі үшін аз-кем жағдай жасауда. Олар ҰОС ардагерлеріне және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беріп келеді. Партиялық жобалар шеңберінде көптеген  жақсы істерді жүзеге асырады. Байқау қорытындысы бойынша, Т.Рысқұлов ауданының «Жарлысу» бастауыш партия ұйымы, Талас аудандық «Шолақтау» партиясы 2 орын қанжығалады. Ал Жуалылық «Бауыржан Момышұлы» партиясы 3 орынды місе тұтты. Өз кезегінде партия хатшысы жергілікті бастауыш ұйымдардың ілкімді істеріне риза болды.

Бұдан кейін, партияның 23-ші есеп беру  және сайлау конференциясы өткізілді.  Яғни, «Нұр Отан» партиясының 2 жылдық жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттерді жіпке тізді. Жиында сандық технологияларды дамыту және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тиімді іске асыру бойынша атқарылатын жұмыстары жайы қарастырылды.  Мәселен, биылғы жылы партиялық жоба шеңберінде 1300-ге жуық оқушыны қамтитын 12 тегін IT-cыныбы ашылды. Ал облыс басшысы бұл ауқымды шараларды атқармас бұрын: Мен өз облысымның әлеуметтік-экономикалық дамуына қалай үлес қоса аламын деген сауалға жауап іздеу керек екенін атап өтті.

Келелі жиын соңында «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы саяси кеңес пен бақылау-тексеру комиссиясы жаңа құрамды сайлады.