Тараз.77NEWS — 8 қараша күні сағат 14:20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шенберіндегі Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтеді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Брифинг барысында аймақ басшысы егжей-тегжейлі:

• жыл сайынғы ҚР Президентінің Жолдауының Жамбыл облысында іске асыру барысы туралы;
• аймаққа инвестициялар тарту туралы;
• АӨК, денсаулық сақтау, білім беру және т.б. цифрлық технологияларды енгізу туралы;
• «7-20-25», «Нұрлы жер» және т.б. ипотекалық бағдарламалар шеңберінде халық үшін тұрғын үй салу туралы айтып береді.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау жөніндегі және басқа да қызықтырған сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны немесе мына электрондық мекен-жайға sck.astana@gmail.com 2018 жылғы 8 қараша сағат 13:00-ге дейін жүгінуге болады.