Келер жылдан бастап, бюджеттен жалақы алатын 23424 қызметкер үшін төменгі жалақы өскелі отыр,- бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтты.

Бизнес өкілдері де бұл шешімді қолдау үшін әрбір кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіліп, жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыстағы белгілі кәсіпорындар («Жамбылгипс» АҚ, «TMЗ» ЖШС, «ЖЗМК Имсталькон» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Жамбыл Цемент Өндiрiсiтік компания» ЖШС, Завод «Металконструкций и резервуаров» ЖШС, «Алтыналмас»АҚ) бұл шешімді қолдап, 9 мың қызметкердің еңбек ақысын көтергелі отыр. Облыстағы 95 ірі және орта бизнес субъектілерімен жыл соңына дейін келіссөздер жүргізіліп бітеді.«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға жоспарланған 1,2 млрд.теңге, кемінде 2 есеге ұлғайтылғалы жатыр,- деді аймақ басшысы.