Тараз.77NEWS — Бүгінгі таңда бір Әулие-Ата Феникс кәсіпорнында құс етін қайта өңдеудің жаңа технологиялық желісі  және  Меркі шағын мұнай өндеу зауытын қайта жаңарту жобасы іске қосылды,жыл соңына дейін тағы 5 жоба іске қосылады-, бұл туралы брифинг барысында аймақ басшысы мәлімдеді деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Іске асырылатын жобалардың ішінде экспортқа бағытталған Казфосфаттың аммофос өндірісінің көлемін көбейту жобасын атап өтуге болады.

Шикізаттық емес секторда жобаларды іске асыру үшін «Инвесторларға қызмет көрсету орталығының» жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ағылшын, қытай, түрік, корей тілдерін білетін жастар жұмысқа алынды.Бүгінде бұл салаға салынған инвестициялар 100 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға артқан.Ал, инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға өсуімен байланысты.

Қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда.