Тараз.77NEWS — Жамбыл облысы экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризм саласына ерекше көңіл бөлініп отыр,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен брифинг барысында Асқар Мырзахметов мәлімдеді. «Саладағы ресурстарды жүйелеу мен бар резервтерді бірлестіру үшін «Ішкі және кіру туризмін дамыту аймақтық Картасы» әзірленді. Соған сәйкес туристік бизнес нысандары мен субъектілеріне кешенді түгендеу жұмыстары жүргізілді.Жыл басынан жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгені құрайтын бірқатар нысандар құрлысы жоспарланды»,- деді облыс әкімі.