Тараз.77NEWS — Ауылдық елді мекендерді айтатын болсақ, 373 ауылдық елді мекеннің 189-ы (50,7%)орталықтандырылған, 184-і (49,3%)орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған, — бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтты.

 Орталықтандырылған су құбыры жоқ 184 ауылдың 50-нде барлығы 7 мың адам тұрады.  Тұрғындар аз болғандықтан жаңа су құбырын салу экономиқалық жағынан тиімсіз. Бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отырмыз.Қалған 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауыз сумен қамту жоспарланып отыр.

Бұл жерде де, газ сияқты, ауыз су құбыры бола тұра, 50 мың халық сол құбырға қосылмай отыр. Себебі — тарифтің қымбат болуында.Ендігі жерде, бұл мәселені республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіншілігін ескеріп, құжаттар әзірленуде.Бұдан бөлек, тарифті көтермеу мақсатында, жалпы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін облыста «бірыңғай оператор» құрғалы отырмыз,-деді аймақ басшысы

Биыл 19 елді мекен ауыз сумен қамтылады. Оның 9-н көктемгі нақтылауда қостық.