Тараз.77NEWS- Бүгінгі күнге 377 елді мекеннің 181-і, немесе 48 пайызы газдандырылған. Осы елді мекендердің ішінде тұрғындардың 11 пайызы немесе 88 мың адамгаз торабына қосылмаған, себебі, көшеден үйге кіргізу құны қымбат — 150 мың теңге,- деп хабарлайды 77 news.kz. ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Бұл мәселені шешу үшін «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесіне арнайы лицензия әперіліп,  жұмыстың құнын 82,7 мың теңгеге дейін төмендеттік.Ендігі жерде,желтоқсанға дейін 53 мың халық газдандырылады. Қалып отырған 35 мың халыққты қамтамасыз ету үшін ЖҚ әзірленуде«,- деп айтты өңір басшысы.

Ал, газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу мақсатында, 2019 жылдан бастап, үш жылда бөліп қаржыландыру үшін, Энергетика министрлігіне магистралды құбыр құрылысына 43 млрд. 524млн.теңге құрайтын 11 жоба дайындалып, бюджеттік өтінім берілді.