Тараз.77NEWS — Облыс бойынша 12 медициналық ұйымға «Е – Kezek» электрондық кезекті енгізу үшін жергілікті бюджет есебінен 73,0 млн. теңге бөлініп жыл соңына дейін игеріледі,- бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Асқар Мырзахметов айтты.

«Қазіргі таңда 43 денсаулық сақтау мекемесінде жалпы 8686 медициналық қызметкер ақпараттық жүйелерде жұмыс жасайды. Ақпараттық жүйелерге 732 946 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. «Халықты тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесінде тіркелген халық санының 65,9 % құрады. Бұл 2019 жылдың 1 қаңтарына 100 пайызды құрайтын болады»- деді аймақ басшысы.