Тараз.77NEWS — Агроөнеркәсіптің қайта өңделген өнімінің экспортын көбейту мақсатында жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Асқар Мырзахметовтың айтуынша, жыл басынан 2,3 мың тонна ет экспортқа шығарылған(оның ішінде 1,3 мың тн қозы еті, 0,6 мың тн –сиыр еті). Бұл өткен жылдың көлемінен 3 есеге артық.Бүгінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кәсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ сапалы, терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың санын арттыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін осындай 4 жоба іске қосылады.