Тараз.77NEWS — Елбасы тапсырмасына сәйкес балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшаларды 100 пайыз камералармен қамту шаралары келесі жылы толық шешілмек. Бүгінгі күні облыстағы 912 білім мекемелерінің 818-де, яғни 90 пайызында камералар орнатылған,- бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақ басшысы мәлімдеді.

Биыл өңірдегі педагогтарды ұлттық біліктілік сынағынан өткізу нәтижесінде, 1 қыркүйектен бастап, облыстың 2 мыңнан астам мұғалімінің жалақысына 30-дан 50%-ға дейін қосымша үстемақы төленуде. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам (65%)мұғалімнің жалақысы 30%-ға көбейді.