Тараз.77NEWS — Таразда «Һибатулла Тарази» мешіті имамдары бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен  үш отбасына пәтер берілді, деп хабарлайды 77news.kz. ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Үш бірдей  жанұяға қуаныш сыйлаған шараға еліміздің Бас мүфтиі Серікбай Ораз арнайы келіп қатысты. Бас имамның қолынан пәтер кілтін алғандардың қуанышында шек болмады. Солардың бірі — Айгүл Әмреева. Жалғыз басты Айгүл — 8 қыз тәрбиелеп отырған алтын құрсақты ана. Тұрақты жұмысы жоқ ол бар болғаны мемлекеттен берілер көмекпен ғана күн көріп келеді.

Қайыры мол шарада аталған отбасыдан басқа тағы екі жанұя баспаналы болды. Пәтер кілтін алғандардың қатарында асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген дін қызметкерлері де бар. Баспаналы болғандардың барлығы да көп балалы жанұялар қатарына жатады.