Тараз.77NEWS — Таразда термешілер дәстүрлі өнерді жаңғыртты. «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық байқауда 17 термеші бас қосып, көрермендердің ықласына бөленді,-деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жыршы термешілер байқауы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл 8-мәрте өткізіліп отыр. Тисінше, биылғы додаға еліміздің ең үздік деген термешілері бас қосқан.Мерекелік кеште текті сөзді ұлықтап, дәстүрді ұмытпаған термешілер жыр дастандарды жұртшылықтың жүрегіне жеткізуге тырысты.

 Қазылар алқасының құрамы да ұлттық өнеріміздің жанашырларынан құралған. Әділқазылар алқасын Жүрсін Ерман бастап, байқауға қатысушыларға баға берді.  Қазылар термешілердің орындау шеберлігіне, тақырыпты таңдауына ерекше көңіл бөлген.

Айта кетейік, бас жүлдені иеленген термешіге 300 мың теңге көлемінде қаражат берілді.Осылайша, ұлттық өнерді насихаттап жүрген термешілер марапатқа ие болды.