Тараз.77NEWS — Қараша айында  төл қаржымыз реттелген күнді атап өту – қарашаның дәстүрлі мерекесіне айналды.  Өңірімізде айтулы күнге орай облыс әкімдігінде  айтулы шара ұйымдастырды,-77 news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

1993 жылы  15-қарашада елбасының  «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығымен теңге  айналымға берілді. Сол уақыттан бастап, бұл күн ұлттық валютаның ресми мерекесі  деп енгізілген.  Ал, кейінірек еліміздің қаржы жүйесіндегі  қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып өзгертілді. Аталған күнге орай ұйымдастырылатын шаралардың басы бүгін облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті.  Мерейлі мерекеде Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары  сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Сондай-ақ бүгінгі еңбек еленер күнде  облыс әкімі мен Ұлттық Банктің Төрағасы ардагерлер мен банк секторының үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыстады.  Аталған айтулы шараға  облыстық филиалдың басшысы Айдайбек Халімбетов те қатысты.  

Республикамыздың негізгі мемлекеттік символдарының бірі болған  «теңге» атауы  орта ғасырдағы түрік шағын күміс монеталарынан шыққан «денге» немесе «танга» сөзінен алынған. Кейін оның ішінен «ақша» сөзі де  пайда болған. Айта кетейік алғашқы теңгелік банкноттар Англияда басылып шыққан. Одан соң  олар Ұлттық Банк Жамбыл филиалының қоймасына жеткізілген.  Кейін банкноттар  теңгенің ресми айналымға енгізілуіне дейін Қазақстанның басқа аймақтарына да жіберілген. Бүгінгі күні төл валютамыз  тәуелсіздіктің, экономикалық және қаржылық негіздерінің дәнекері есептеледі.