Тараз.77NEWS — Айша бибі кесенесі мен Ақыртас кешені туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне енді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Әлемді шарлаған саяхатшылар дәл осы мұралар тізіміне қарап, сапар құрады. Сондықтан да, маңызы жоғары. Ал, Айша бибі мен Ақыртас кешенінің аталған тізімге енуі  әсте  біздің елдегі туризмді дамытуға ықпалын тигізбей қоймайды.Бұл мәдени мұралар тізіміне әлемнің бірқатар тарихи нысандары ұсынылыпты. Бірақ тізімге ену оңай болмаған секілді. Өйткені, сыртқы және ішкі туризмді дамыту жөніндегі халықаралық ұйымға мүше 24 ел тарихи жәдігерлерін сарапқа салған. Ал өңіріміздегі Айша бибі кесенесі мен Ақыртас сарай кешенінің тарихы сарапшылардың таңданысын туғызып, ерекше әсерге бөлепті. Облыстық туризмнің тізгінін ұстаған басшысының сөзінше  жоғары көрсеткішке жету әуелі  мыңжылдықтар бойы сақталған жәдігерлер мен тынымсыз жұмыстың арқасы, — дейді Қарлығаш Әмірқызы.