Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ү.ж.  Меркі ауданының В.Савва атындағы №9 мектеп-лицейде көп тілді меңгерген жастарға қолдау көрсету мақсатында «КӨП ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» атты шеберлік сынып өткізді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шеберлік сыныптың спикерлері: Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ғылым және халықаралық қарым-қатынас бөлімінің бас маманы, ағылшын пәнінің мұғалімі Сабина Жаксылыкова, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы, Нью-Йорк киноөнері академиясының магистранты Айдие Айдарбеков, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы Ерғазы Әбдіманат оқушылармен шет тілдерді қалай меңгергендерін айтып беріп, көп тілдерді білу арқасында жетістіктерге жету жолдарымен бөлісті.