Тараз.77NEWS —  Меркі ауданында бау бақша өндірісін дамыту мақсатында семинар өтті. Семинар Меркі ауданындағы фермерлер одағының төрағасы Қалманбетов Совет Аманжолұлының ұйымдастыруымен «Талдыбұлақ» шаруа серіктестігінде болды.   Шараға облыс пен аудандағы шаруа иелері мен сала мамандары қатысты. 3-ші жыл қатарынын ұйымдастырылып отқан басқосудың биылғы басты ерекшелігі шаруа қожалықтарына арнайы техникалар таныстырылып тыңайтқыштарды алу мен оны қолдануы түсіндірілді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Атап айтсақ, жеке кәсіпкер Бадалов  шаруашылығында қолданатын техникаларын әкеліп таныстырса, «Каз Агро Финанс» компаниясы жаңа техникаларды лизингке алу мүмкіндіктері туралы түсіндірді. Бау-бақша шаруашылығында кеңінен қолданылатын тыңайтқыштар туралы « ASK», ЕуроХим», Указ Групп компаниялары өздерінің тыңайтқыштарымен таныстырып, олардың қалай қолданылатындығы туралы түсіндірді.

Жалпы Меркі ауданында 586,034 гектар бау-бақша алқабы бар. Бау-бақша шаруашылығымен  37 шаруашылық айналысуда.

Соның ішінде «Талдыбұлақ» серіктестігі үш жыл бұрын 20 гектарға Түркиядан әкелінген 50 мың түп  алма ағашының, үш сортын отырғызған болатын. Осы мақсатпен күздік науқанды насихаттай отырып бау бақша өндірісін жетік түсінуіміз керек дейді шаруа иесі.

100 ден аса жиналған шаруа иелерін техника мен арнайы тыңайтқыштар сүйсінтті. Мамандарды сұрақтың астына алып, субсидия мәселесін де талқыға салды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдаудың болып жатқандығы да сөз болды.