Тараз. 77news —  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, —  деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытжан Әбдірұлы Тараз қаласындағы жұмыс сапарын Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға байланысты, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның бірі «Көкжиек-2030» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің  жұмысымен танысудан бастады. Бұдан бөлек,  «Нұрлы жер»,  «7-20-25» бағдарламасы аясында іске асып жатқан бірнеше ірі нысандардың жұмысымен танысты. Олардың қатарында құрылысы қарқын алған 15 мөлтек ауданы бар.

Бұдан бөлек, дарынды балаларға арналған IT-интернат мектебі, қалалық жұмыспен қамту орталығы, Жамбыл политехникалық колледжі бар. Сондай-ақ, үкімет басшысы жақында ғана халық игілігіне берілген, Қайрат Рысқұлбеков саябағымен, «Ерлік» мемиоралдық кешенінің  аралайды. Іс –сапар барысында Бақытжан Әбдірұлы Жамбыл облысының кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Яғни, Елбасы ұсынған кезекті Жолдауын іске асыру бойынша арнайы жиын өткізілмек.