ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы жұмыс сапарын Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға байланысты жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның бірі «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысудан бастады.

Сүт өнімдерін шығарумен айналысатын 2007 жылы құрылған кәсіпорын ағымдағы жылы қайта кеңейтіліп құрылып, модернизацияланған. Италияның «FRAU IMPLANTI» компаниясының жаңа үлгідегі автоматтандырылған желідегі құрал-жабдықтарымен жасақталған. Жоба құны – 1,6 млрд. теңге. Кәсіпорын жетекшісі Әбдіғали Бегімбетов тәулігіне 80 тонна сүт өңдеуге қауқарлы екендіктерін жеткізді.