ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның бірі  «Сәуле» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Жылына 2100 тонна өнім өндіретін фабрика басшысы Сәуле Жаңабекова зауыттың жұмысы, тыныс-тіршілігі  туралы жан-жақты ақпарат берді. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд теңгені құраған.

Облыс орталығында орналасқан кәсіпорын жылына 2160 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпкер 2016-2017 жылдар аралығында жабдық сатып алуға және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта жаңартып, вафли өндіретін желі сатып алуға несие алған. Кондитерлік өндіріс негізінген вафли өнімінің түрлерін шығарумен айналысады.

Бүгінгі таңда фабриканың жоба құны 850,0 миллион теңге болатын екінші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылған кәсіпорынның толық жылдық қуаты 4500 тонна болады деп жоспарлануда. Соған орай тағы жетпіс адамдық жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жобаның екінші кезеңі осы жылдың аяғында пайдалануға берілмек. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қомақты қаржыға несие алып, жұмысын жандандырып отырған кәсіпорын өңір экономикасын арттыруға өз үлесін тигізуде.