Тараз.77NEWS- Ағымдағы жылдың 16 қарашасы сағат 11.00-де Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумы өтеді,-деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Шараға Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласының құрметті азаматы  Аягүл Миразова, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер Жамбыл облысының құрметті азаматы Тұңғышбай Жаманқұлов, білікті экономист, белгілі меценат Азаматхан Әміртай, «RUMI GROUP» мейрамханалар желісінің негізін қалаушы, кәсіпкер Қуаныш Шоңбай қатысады деп күтілуде.

Форум соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасатын болады.