Тараз.77NEWS — ҚР денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жұмыс сапары аясында Елжан Біртанов облыстағы бірқатар емханалармен 1-қалалық аурухананың,  «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасының жұмысымен, сонымен қатар облыстық онгологиялық диспансері құрылысымен танысатын болады. Сондай-ақ  денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізеді деп күтілуде.