Тараз.77NEWS — Ас атасы нанның құны өсуі мүмкін. Бірақ, бұл барлық өңірде емес. Әзірге шаһар нарығында. Мұны облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы  мәлімдеді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Тиісінше, нан өндірісі саласындағы мамандар әкім қабылдауында болып, басты ауқат  бағасының өсу межесі мен тұрақты етудің тетіктерін санамалады. Енді тексеру жұмыстарынан соң, құны кем дегенде 2-теңгеге артуы мүмкін дейді мамандар.  Ал, нан өндіретін өңірдегі қос мекеме ұнның көтерілуіне байланысты нан бағасын 10 теңгеге көтеруді ұсынып отыр.  Бүгінде ұн бағасы бидай тапшылығынан 82-85 теңгені көрсетіп тұр. Тіпті кейбір сауда орындарында нан бағасы 75 теңге ге шарықтап үлгерген. Алайда, облыс басшысы 5 күндік мониторинг жариялап өндіріс орындарын зерделемек. Содан кейін нарықтағы нанның бағасы нақты айқындалмақ.  Әзірге сауда орындары бағаны көтеруіне болмайды. Баға бұйрық шыққанша, бірқалыпты болуы тиіс.