Жаңа басшысыны ұжымға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырған.Ол өз кезегінде Сауат Мыңбаевтың бұған дейінгі қызмет орнындағы жақсы нәтижелерін ерекше атап өтті.

ҚТЖ-ның жаңа басшысы бұған дейін қаржы құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. Әртүрлі жылдары қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрдің орынбасары, индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасы төрағасы қызметін атқарған.