Тараз.77NEWS — Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен 21 қараша күні, сағат 18:30-да «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парасат, Құрмет ордендерінің игері, күйші композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Күмбірле күйім, ерінбе» шығармашылық кеші өтеді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Кеште Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі сүйемелдеу жасайды. Дирижёр Мұхтарбай Рахманқұлов, Адай Жұмат, «Тараз» триосы, Жанат Досжанова, Айгүл Мақашова, Арайлым Әділбекова және тағы басқалар өнер көрсетеді.

Жалындаған оймен, сырлы сезімнің жауһар сезімі болған күйші композитордың күйлерін тыңдауға келіңіздер.