Тараз.77NEWS —  Тараз төрінде  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың шығармашылық кеші өтті,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

 52 жыл мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан күйші «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблінің негізін қалап, талай додаларда топ жаруына мұрындық болған. Дәстүрлі музыкалық мәдениеттің дамуына табандылықпен еңбек сіңірген қайраткердің қазір 70-тен аса туындылары орындалып жүр. Олардың ішінде талай әсем ән мен тәтті күйге арқау болған қазақ қыздарының бейнесін бір образға жинақтаған «Ерке сылқымның» алар орны ерек. Жиналғандар сырлы сезімнің жауһар туындысы «Ерке сылқымнан» бөлек, композитордің әндерін де тыңдауға мүмкіндік алды. Осылайша кешке жиналған көрермен домбыра шанағынан төгілген сазбен сусындап, әуезді әннен үлкен әсер алып тарқасты.