Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын қолдау аясында дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр.

Шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының ардагерлері, ғалымдар, тарихшылар, ауған соғысы ардагерлері, дәстүрлі әншілер, қолөнер шеберлері, архивистер, туризм саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ардагер журналистер шақырылды.

 «Дөңгелек үстел» отырысы барысында қазіргі заманғы қазақстандық қоғам үшін тарихи және рухани маңызы бар мәселелерге басты назар аударылып, ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының жаңғырту процесі тұрғысында сөз қозғалды.Аталған шарада мәдениет саласының ардагері Асқарбек Сейілхан, облыс әкімдігінің  туризм басқармасының бөлімінің басшысы Ж.Қажы және тағы басқалар өз ойларымен бөлісті.