Тараз.77NEWS — Тараз-Арена спорт сарайында мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир басталды.

Айта кетейік  турнирге 6 елден: Ресей, Монғолия, Беларусь, Тәжікстан, көршілес Қырғыз және Өзбекстаннан келген  балуандар қатыспақ. 3 күндік ірі шара  150 спортшының арасынан 10 түрлі салмақтың мықтысын анықтайтын болады. Боз кілем иелерінің бабымен бағын бақылар бұл байрақты бәсекеде  ұлттық құрамадан 90 спортшы алаңға шығуға дайын. Олардың 6-ы жамбылдық жамбоздар.

Турнирде төрелік етер  төрешілер де шет елдерден  шақыртылған.Жарыстың бас демеушісі «Альтаис груп» ЖШС. Дәл осы серіктестіктің атынан жеңімпаздарға 500 ден 4000 долларға дейінгі қаржылай сыйлықтар мен медальдар дайындалған. Айтулы сайыстың ашылу рәсімі ертең кешкі сағат 4 те Тараздық тарландардың мекені — «Тараз аренада» өтпек.