Қазақстандық ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, Карл Байпақов дүниеден өтті. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасына жазды, – деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

“Белгілі ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның ғылым және техника саласында еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлының қайтыс болғанын зор күйзеліспен хабарлаймын”, – деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, 17- қарашада Карл Байпақов 78 жасқа толған болатын.

“Оның бүкіл өмірі – халыққа еңбек етудің үлгісі. Карл Молдахметұлы біздің тарихымыз, археология және мәдениет жайлы білімімізді арттырды. Таяуда ғана археологиялық орталықтарды зерттеу бойынша үлкен жоспарлар құрып едік. Бірақ, амал не, ол жоспарларымыз орындалмайтын болды”, – деді министр.

Карл Молдахметұлы Байпақов 1940 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының докторы , профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003) және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі, археологиялық ортаның жетекшісі, институт директорының орынбасары  қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археологияқ институтының директоры қызметтерін атқарған.