Тараз.77NEWS- Тараздағы атышулы «Ауыл береке» базарының маңындағы «Жаңабекова Сәуле» жеке кәсіпкеріне тиесілі сауда нүктелерінен өрт шықты,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын 700 шаршы метрді қамтыған.

Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр.  Болжам бойынша  өрттің шығуына сымдардың қысқаша тұйықталуы себеп болып отыр.