фото: Ⓒglavny.tv

Синоптиктер қазақстандықтарды алдағы үш күнде суық ауа-райы күтетінін айтуда. Мамандар еліміздің бірнеше бөлігінде қарлы боран соғып, көктайғақ болатынын ескертті деп хабарлайды  77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде күн cуытады.

Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді.

Атап айтқанда, Ақмола облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан асады.

Павлодар облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Кей жерлерде 30 м/с асып, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарындың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болад. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.