Тараз.77NEWS —  «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан  облыстық турнир өтті.

Аталған  турнирге облыстық әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудандар әкімдігінің, сонымен қатар облыстық комитеттер, департаментер мен басқармалардың мемлекеттік қызметшілерінен жасақталған  26 командадан 200-ден астам спортшының  қатысты. Турнирдің мақсаты – мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерi арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және қызметкерлер арасында спорт арқылы достық қатынасты орнату.