Тараз.77NEWS —  Жамбыл ауданы Бектөбе (Амангелді)  ауылында  бір ауысымда 15 келушіні қабылдауға қауқарлы  дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Емдеу орнының құрылысы ақпан айында басталған. Жоба құны 89 123,7 мың теңгені құрайды. Құрылысты «Асем Билдинг» ЖШС жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, Тұңғыш Президент күніне орай Жамбыл облысында 42 нысан ел игілігіне берілетін болады. Оның 32-і дәрігерлік амбулатория болса,8-і балабақша және 2 полиция бөлімшесі.