Тараз.77NEWS — Мереке қарсаңында облыс орталығында медициналық жедел жәрдем стансасына берілетін автокөліктердің кілтін тапсырылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Орталық “Достық” алаңында көлік кілттерін  облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев салтанатты түрде табыстады.

Бүгінгі күні аймақтағы емдеу мекемелеріне жалпы саны 27 көлік берілді. Оның 11-і газель мен 16-ы уаз көлігі.

Жамбыл облысының медицина саласы 27 жедел жәрдем көлігімен толықты. Жылжымалы жедел медициналық кешендерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 253 млн. теңге бөлінді.
Дамыған елдердің бір жоғары көрсеткіші — дер кезінде жететін жедел жәрдем. Бүгінде облысымызда 4 жедел жәрдем көрсету станциясы мен емханаға қарасты аудандық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Адам өміріне бірден-бір жауапты сала ісі кері кетпес үшін бүгін 27 бірдей жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді.
Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 1561 адам жұмыс істейді, оның ішінде 47 дәрігер, 882 фельдшер және 464 жүргізуші. Осы саланы жыл сайын жетілдіре отырып, негізгі демографиялық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады — емдеуге дейінгі өлім-жітім көрсеткіштерінің 2017 жылғы 1,5-тен 2018 жылы 1,4-ке дейін төмендеуі.
Айта кету керек, пайдалануға берілген автокөліктер заманауи талапқа сай. Жүрек талмасы, инсульт, жолдағы жарақаттану кезіндегі жедел жәрдем және ана мен бала қызметі үшін қазіргі заманғы талапқа сай ыңғайлы, портативті электрокардиографпен, дефибриллятормен және кислород аппаратымен жабдықталған.