Тараз. 77NEWS — Аймантөбе ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік-амбулаториялық пункт ел игілігіне берілді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аймантөбе ауылында   900-ден аса халық тұрады. Емдеу мекемесінде  1 дәрігер, 2 медбике жұмыс істейді. Амбулаториялық пунктте балаларға, жүкті әйелдерге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Мұнан бөлек Байзақ ауданына қарасты Шахан, Ынтымақ, Кеңес, Тегістік, Жібек жолы, Жаңатұрмыс, Сарыбарақ ауылдарында да 5,10,15 келушіге арналған медициналық пункт ашылады.