Тараз.77NEWS — Байзақ ауданы, Тегістік ауылында 5 емделушіге арналған медициналық пункт пайдалануға берілді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бұдан бөлек, ашылған 32 медициналық нысанның 29-ы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Оның 13-і ауысымына 5 келушіге арналған медициналық пункттер. Олар Байзақ ауданындағы Шахан, Көкөзен, Жаңатұрмыс, Жібекжолы, Сарыбарақ, Тегістік, Қордай ауданындағы Көкадыр, Меркі ауданындағы Екпінді, Сарысу ауданындағы Шағалалы, Қамқалы, Т.Рысқұлов ауданындағы Шолаққайыңды, Талас ауданындағы Сейілбек, Тұрымқұл ауылдарында орналасқан.  

                                  

Сондай-ақ, бұл күндері Байзақ ауданындағы Ынтымақ, Жамбыл ауданындағы Бектөбе, Бесағаш, Гродекова, Пригородное, Ақбұлым, Түркісіб, Жуалы ауданындағы Шақпақата, Меркі ауданындағы «Мыхан», Сарысу ауданындағы Игілік, Шу ауданындағы Шоқпар ауылдарында  15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.

Ал, ауысымына 10  келушіге арналған 7 фельдшерлік-акушерлік пункт Байзақ ауданындағы Аймантөбе, Жамбыл ауданындағы Ерназар,  Меркі ауданындағы Екпінді, Мойынқұм ауданындағы Ұланбел, Көкжелек, Сарысу ауданындағы  Ұйым, Т.Рысқұлов ауданындағы  Қарақат, Шу ауданындағы  Тасөткел ауылындарында ашылды.