Тараз.77NEWS — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Жамбыл ауданы Гродеково ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Гродекво ауылындағы   дәрігерлік амбулатория тұрғындар үшін есігін айқара ашты. Құны 34 млн теңгені құрайды. Бұл емдеу мекемесі күніне 15 адам қабылдауға қауқарлы.

Айта кету керек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген 29 медициналық нысанға барлығы  843 миллион теңге қаржы жұмсалған. Аталған мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберіндегі  бұл нысандардың құрылысын салу барысында өзге өңірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғандағы құны төмен болып,  1,4 млрд теңге бюджеттік қаражат үнемделді.

 Бұл арқылы ауылдық  жерлердегі алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі  84 пайызға қамтылады. Ал, жалпы облыста 95 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына ғимарат қажет болатын. Бұл бюджеттік инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырылғанда, оған жалпы  6 567,6 миллион теңге және 7 жыл уақыт керек болатын. Ал, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу арқылы мерзімін 3 жылға, жұмсалатын қаржы көлемі 2 376 миллион теңгеге үнемделді. Нақтырақ айтқанда 4 жыл уақыт және 4 192 миллион теңге қаржы үнемделіп отыр. Яғни, 95 нысанның 29-ы биыл ашылса, 2019 жылы 40, 2020 жылы 25 нысан бой көтереді деп жоспарлануда.