Тараз.77NEWS — Мереке  күндері  ұйымдастырылатын іс-шаралар тізбегін 77news.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Тараз-Арена» спорт сарайында 1 желтоқсан күні сағат 10.00-де  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай волейболдан жарыс өтеді.

Дәл осы күні қалалық мәдениет үйінде сағат 11.00-де «Елбасы — ел тірегі» атты жас патриоттар форумы өтпек.

Мерекеге орай ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта сағат 18.00-де «Елбасы мұраты — ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты мерекелік мәдени-көпшілік іс-шара, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.