Ағымдағы жылдың 13-15 желтоқсан күндері  “Ancient Taraz-2018” халықаралық туристік форумы мен қолөнершілердің “Көне Тараз шеберлері” халықаралық көрмесі өтеді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Форум барысында туристік салаға инвестиция тарту, туризм қауіпсіздігі және саланы сандық жүйеге ауыстыру мәселелері талқыланбақ.

Ал көрмеде Қазақстан, жақын және алыс шетел қолөнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылады, сондай-ақ бірқатар практикалық және теориялық мастер-класстар мен ғылыми практикалық конференция өткізіледі.

Шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Италия және тағы басқа елдердің делегаттары қатысады деп күтілуде.