Полиция Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде көз жұмған қазақcтандық каскадер Қасым Жұмағожинге қатысты қылмыстық істі тоқтатты,- деп хабарлайды  77news.kz тілшісі  nur.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасап. 

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сараптама нәтижелері анықталған соң азаматтың өлімі жүрек талмасынан болғаны туралы шешім қабылданған.

«Сот-медициналық сараптама жүректің тоқтап қалғанын көрсетті. Соған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», — деп хабарлады баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Тергеу жұмыстарымен Медеу аудандық ішкі істер басқармасы айналысқан.

Айта кетейік, каскадер Қасым Жұмағожин 3 қараша күні алматалық «ТСБ» клубында өнер көрсетіп жатқан кезінде қайтыс болған.

Хэллоуин мерекесінде ол арқан жіпке байланған мумуияны ойнауы қажет болған екен. Әріптестерінің айтуынша, ол тек қана қойылымдық нөмір болған және өмірге еш қауіп төндірмеген.

Қойылым барысында Жұмағожиннің жағдайы нашарлай бастаған. Клубтағылар оны төбеден түсіргенімен, еш көмек көрсете алмапты.