Тараз.77NEWS — Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «АЛАШ ҰСТАНЫМЫ – ҰЛТ МҰРАТЫ» республикалық ғылыми-тәжірибелік конферециясы өтеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткелі отырған шараға танымал тарихшы ғалымдар баяндамалар жасауда,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,  т.ғ.д., профессор Мәмбет Қойгелді, Халықаралық «Қаһармандар» қоғамдық қорының президенті Сабыр Қасымов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, ф.ғ.к. Сұлтан Хан Жүсіп, «ҚР Ұлттық Музейі» РМКК жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, с.ғ.к. Берік Әбдіғалиұлы және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ерлан Сайлаубай, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай және  «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер журналист Москау Нокрабеков сынды тарихшы ғалымдар бар.

Ал жарыссөз кезеңінде белгілі кәсіпкер, Отырар ауданында Алаш алеясын ашқан Әбдімәжит Сыздықбеков, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Бәзенов, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, абайтанушы ғалым Әлімбай Найзабаев өз ойларын ортаға салуда.