Тараз.77NEWS — Бүгін Тараз қаласы орталық “Достық” алаңынан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін «Адал жол» марафон-эстафетасының аясында автошеру ұйымдастырылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай өткізілген шараны Тараз қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.Автошеруге 15 автокөлік қатысты.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент саябағында шараға қатысушыларға арнап концерттік бағдарламалар және флешмоб көрсетілді.