Тараз.77NEWS — 13-15 желтоқсан Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Ancient Taraz- 2018» форумы өтеді.

Сонымен қатар, форум аясында  «Көне Тараз шеберлері» қолөнершілердің халықаралық көрмесі есігін айқара ашады. Сондай-ақ шара аясында 14 жастан 17 жасқа дейін барлық балаларға қатысуға болатын «Тараз қолөнершілер қаласы» және 25 жасқа дейінгі жас шеберлерге арналған «Көне Тараз» жас қолөнершілер байқауы өтеді.Бас жүлде планшет.