Тараз.77NEWS — Дәл қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен «ARAI-Plaza» бизнес орталығында «ЖАҢА МЕДИА ЖӘНЕ БОЛАШАҚ» атты медиа форумы басталады,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Спикерлер қатарында «Astana» телеарнасы «Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек, «Balapan» телеарнасының басшысы Мақпал Жұмабай, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметов, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Jambyl» телеарнасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық, «77 TV» телеарнасының директоры Зарина Қуатова, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушісі, «Біліммен бөліс» жобасының авторы Нұрмұхамед Байғара, Baribar.kz сайтының негізін қалаушы Ербол Серікбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығындағы жаңа медианы және дата журналистиканы зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай сынды ақпарат саласының айтулы өкілдері өз ойларын ортаға салады. Форум модераторы, блогер, журналист Өркен Кенжебек.