Тараз.77NEWS — Тәуелсіздік күні қарсаңында Тұрар Рысқұов ауданы, Мамай-Қайынды ауданында 5 келушіге арналған медициналық пункт ел игілігіне берілді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Т.Рысқұлов ауданында барлығы 6 – фельдшерлік амбулаториялық пункт, 13 – дәрігерлік амбулатория, 13- медициналық пункт, 1- аудандық емхана, 1- ауылдық емхана, 1 — аудандық аурухана жұмыс атқарады.

Жақында ғана мемлекеттік-жекеше меншік серіктестік  арқылы   Шолаққайыңды ауылында медициналық пункт, Қарақат ауылында фельдшерлік- акушерлік пунктердің құрылыс жұмыстары аяқталып 2018 жылдың 30 қарашасында пайдалануға берілген болатын. Үстіміздегі жылы Тереңөзек, Ақбұлақ, Қайыңды дәрігерлік амбулаторияның жылу көзі газға ауыстырылды. Сонымен қатар ауруханаға 50 млн 760 мың теңгеге медициналық құрал- жабдықтар алынды. Жоба құны 61 млн теңгені құрайды.