Тараз.77NEWS — Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш қазақстандыққа “Алтын Жұлдыз” белгісі мен “Отан” орденін табыс ете отырып, “Қазақстанның Еңбек Ері” атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды 77news.kz АА NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қол қойған құжатта Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы үздік жетістіктері үшін, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік берілетіні айтылған.

Марапатталушылардың қатарында Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы “Шаушен” ШҚ басшысы  Сайрамбай Әліқұлұлы Дөненбаев бар .

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны Жарлысу ауылынан 150 миллион теңгеге интернат пен 92 орындық балабақша салып, халық игілігіне пайдалануға берген болатын. Сондай-ақ,  20 шопанның отбасы үшін жекешелендіру құқығымен 10 үй салып берген. Кәсіпкер әлеуметтік көмек үшін жылына 50 млн. теңге қаражат бөледі.