Тараз.77NEWS — Меркі ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков,  «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филилалының бөлім басшысы Келимбетова Айнұр, Аудандық ардагерлер кеңесіні төрағасы Қамбар Иманалиев, «Нұр-Перизат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақбаев Нұрлан, №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Кушанова Гүлжауһар, аудан тұрғындары, ата-аналар қатысты.

Мұнда асхана бөлмесі, жатын бөлме, дене шынықтыру бөлмесі, логопед,  психологтың, медициналық қызмет көрсету, ойын бөлмелері замануи жиһаз, құралдармен жабдықталған. Ойын бөлмесі бала ой-санасын жетілдіретін, дамытатын ойыншықтармен толтырлса, дене шынықтыру бөлмесінде арнайы тренажерлермен жабдықталған.

Ауданға белгілі меценат, демеушілер өз көмектерін көрсетіп, қолынан келген көмектерін жасауда.