Тараз.77NEWS — Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дәрігерлік амбулатория құру жоспарлануда,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігнің тілшісі.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңының 44-бабына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дәрігерлік амбулатория құру туралы» жобасына жеке қаржы бастамасына қызығушылық білдіру жөніндегі сұрау салу туралы хабарлайды.

Жобаның мақсаты:

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында біліктілік амбулаториялық-емханалық көмек көрсету, ересектер мен балаларды медициналық көмектің қолжетімді заманауи жоғары технологиялық жүйесімен қамтамасыз ету, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды және халықты диспансеризациялауды жүзеге асыру.

Жобаның міндеттері:

* халықты сапалы және қолжетімді алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дәрігерлік амбулатория құру;

* науқастарды қабылдау және көмек көрсету, ауруларды ерте анықтау, уақытылы амбулаториялық тексерулер және ем жүргізу;

* бюджеттік қаражатын оңтайландыру;

* Жамбыл облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар тәжірибесін іс жүзінде іске асыру.

Жобаның мәні:

Жоба шеңберінде дәрігерлік амбулаторияның қызметін ұйымдастыру үшін оны жабдықтап, жеке меншіктегі нысанды пайдалану арқылы 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құру қарастырылуда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба жөніндегі шарттың қолданылу мерзімі 3 жыл.

Жобаның институционалдық схемасына сәйкес Жеке әріптес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның шарты бойынша нысанды мемлекеттік меншігіне береді.

Мемлекеттік әріптес Жеке әріптестің инвестициялық шығындарын өтейді және қолжетімділік үшін сыйақы төлемдерін жүзеге асырады.

Мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды коммуналдық меншіке қабылдап алып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанда «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы Қордай ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК персоналын орналастырып мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Жеке әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды коммуналдық меншіке беруден кейін, нысанды коммуналдық меншікке беру сәттен 3 жыл бойы инвестициялық шығындарды өтеу үшін нысанның құнын 100% мөлшерінде алып отырады.

Жобаның табыстылығын қамтамасыз ету мақсатында, қолжетімділік үшін төлем шеңберінде нысанның сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін сыйақы түрінде Жеке әріптесті қосымша мемлекеттік қолдауды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Жобаны іске асыру орны:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы.