Бүгін «Баласағұн» ОКЗ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жиынға облыс әкімі аппараты, облыстық департамент басшылары, облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының ардагерлері, ғалымдар, үкіметтік емес ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен ардагер журналистер қатысты.

Аталған жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазіргі заманғы қазақстандық қоғам үшін тарихи және рухани маңызы бар мәселелерге басты назар аударды. Ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының жаңғырту процесі тұрғысында атқарылып жатқан шаралар туралы сөз қозғап, облыс жұртшылығын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.           

Салтанатты жиында жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордені «Шәушен» ШҚ басшысы Сайрамбай Дөненбаевқа  табысталды.

«Парасат» ордені қоғам қайраткері Амангелді Карентаев, «Әмір және Д» ЖШС басшысы Қарлығаш Қаймолдаеваға табыс етілді.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен «Вынхуа  дүнген мәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ құрметті президенті Лугмар Буларов марапатталды.

 Қордай ауданының әкімі Байтөле Болатбек, «Ақкөл ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ орманшысы Бектай Ақынбек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, «Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті» РМК оқытушысы Күлжамила Жолдасоваға  «Құрмет» ордені табыс етілді.

Сонымен қатар » Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалының маманы Байсерік Беқбергеновтің, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС электромонтері Асан Құрманалиевке, «Қазфосфат» ЖШС аппаратшысы Лесбек Өтеғалиевке, «Сыпатай батыр» ЖШС механизаторы Асқар Тілеубаевқа ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені берілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Темір құрылғылары мен резервуарлар зауыты» ЖШС директоры Талас Ахметов, «№17 И.Трубицын атындағы орта мектеп гимназиясы» КММ мұғалімі Ләззат Байтүгелова, » ММС Құрылыс» ЖШС директоры Мұқтархан Ебеев, «Қазфосфат» ЖШС филиалының «Минералды тыңайтқыштар» зауытының бас инженері Надежда Евдакова, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының орынбасары  Сансызбай Жорабаев, Раушан Жұманқұлова, Ғалия Зарубаева, Сайлаубек Зауірбеков, Күлән Ынтымақова, Шахикерім Исабеков, Руслан Кан, Олжас Көкей, Асқар қуаныш, Серік Құрманбеков, Бақытжан Момынәлиев, Майра Молдабаева, Гүлханыс Нұржігітова, Мейірхан Өмірбеков, Алексей Пай, Ольга Шелудько сынды азаматтарға табысталды.

«Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен» Жамбыл облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы КММ басшысының орынбасары Сандуғаш Абдралиева, еңбек ардагері  Рая Айтақова, «Агрофирма Түрікпен» ЖШС директоры Рахат Әбілдаев, «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» КММ бөлім басшысы Серік Әлібеков, «Жуалы аудандық орталық ауруханасы» КММ бас дәрігерінің орынбасары Қалдыбай Байрамов, «№1 «Бөбекжай» балабақшасы» ММ меңгерушісі Гүлмира Даниярова, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, «Шұғыла-Радуга» газетінің рдакциясы ЖШС бас редакторы Сансызбай Махамбетқұлов, «Мәдениет үйі» КМҚК директоры Күміскүл Сарсенбаева, «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалының аға режиссері Улдана Смаилова, «Kaz-Ir Agro» ЖШС операторы Серік Тұрғанқұлов марапатталды.